Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Жас зерттеушілер ҰСО зертханасы жұмысымен танысты
Юные исследователи знакомятся с работой лаборатории НЦЭ 04.11.2025

Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның International Steppe Schools of Astana 3-сынып оқушылары Ұлттық сараптама орталығы филиалының зертханасына экскурсия жасады.

Іс-шараның мақсаты - балалардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін зертханалардың жұмысымен таныстыру.

Экскурсия барысында мамандар зертхананы аралатып, оның жұмыс барысын көрсетті, оқушылар қызығушышық танытқан тақырыпта, соның ішінде шудың және электромагниттік  толқындардың адам ағзасына әсері туралы айтып, осы факторлардың артық әсерінен қорғанудың және қауіпсіздік нормаларын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.

Оқушылар зерттеулердің қалай жүргізілетінін қызығушылықпен бақылап, ҰСО мамандардың адам денсаулығына әсер ететін факторларды қалай бақылауға алатынын білді.

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail