Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Ақмола облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) дезинфекциялық бөлімінің нұсқаушы-дезинфекторы бос лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
1. Филиалдың дезинфекциялық бөлімінің нұсқаушы-дезинфекторы бос лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе техникалық және кәсіптік медициналық білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
2. Дезинфекциялық бөлімінің нұсқаушы-дезинфекторы өз ерекшелігі бойынша білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы; Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері; жеке қорғаныс құралдарын қолдану және улану кезінде алғашқы көмек көрсету тәртібі мен шарттары; дезинфекциялау препараттарының номенклатурасы мен жұмсау нормалары; дезинфекциялау құралдарын сақтау мен тасымалдау шарттары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі бойынша тәртіп пен нормалар.
Лауазымдық міндеттері:
1. Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу бойынша жұмысты орындайды, жекелеген объектілерді дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау көлемін, әдістемесін және құралдарын айқындайды.
2. Патогендерден, оның ішінде аса қауіпті инфекциялардан туындайтын инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында жұмыс істейді.
3. Дезинфекциялық бригадаға басшылықты жүзеге асырады және қорытынды әрі профилактикалық дезинфекцияны жүргізуге қатысады.
4. Дезинфекциялық ерітінділердің дайындалуын, пайдаланылуын, аппаратураның, мүкәммалдың қолданылуын, орындалған дезинфекцияның сапасын, дезинфекторлардың жеке және қоғамдық қауіпсіздік ережелерін сақтауын бақылайды.
5. Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық жұмыстарды орындау кезінде әдістемелердің сақталуын бақылайды.
6. Дезинфекциялық жұмыстардың орындалуына құжаттаманы рәсімдейді.
7. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық режим тәртібін сақтайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) сұхбаттасу өткізу;
3) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.30 - дан 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс) Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Құдайбердиев көшесі, 27а мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 06 тамыз сағат 18.00-ге дейін.
Анықтама телефоны: 87078455796