Біліктілік талаптары:
Метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» даярлау бағыты бойынша жоғары білімі немесе метрология және стандарттау саласында жұмыс тәжірибесі бар жоғары инженерлік-техникалық білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Лауазымдық міндеттері:
Нормативтік құжаттардың бақылау даналарын есепке алуды және сақтауды жүргізу;
Берілген нормативтік құжаттар көшірмелерінің картотекалық және/немесе журналдық есебін жүргізу;
Берілген өтінімдер негізінде Филиалдың құрылымдық бөлімшелерін нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;
Нормативтік құжаттар қорын өзектендіруді жүргізу: өзектендіру кестесін жасау, өзектендіру жұмыстарын жүргізу кестесінің сақталуын бақылау, нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу, күші жойылған және Филиалдың құрылымдық бөлімшелері жұмыс барысында пайдаланатын нормативтік құжаттарды алып тастау және ауыстыру;
Құрылымдық бөлімшелерді жаңадан шығарылған нормативтік құжаттар немесе оларға енгізілген өзгерістер туралы тұрақты түрде хабардар ету;
Нормативтік құжаттар қорының сақталуын және есебін қамтамасыз ету;
Филиалдың Сынақ орталығын аккредиттеуге қатысты материалдарды (Паспорттың нормативтік құжаттар бойынша кестесін) өзектендіру;
Қажетті нормативтік құжаттарды сатып алуға РГП ШЖҚ «ҰСО» ҚР ДСМ СЭБК-не өтінім беру;
Метрология және стандарттау мәселелері бойынша материалдарды статистикалық өңдеуді жүргізу;
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің өлшем құралдарына қажеттілігін айқындау, оларды сатып алуға жиынтық өтінімдер жасау;
Өлшем құралдарының жай-күйіне және оларды дұрыс монтаждауына, орнатуына және қолдануына міндетті бақылауды жүзеге асыру, ұйымға жаңадан келіп түсетін өлшем құралдарын техникалық қабылдауды жүргізу;
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибені зерделеу;
Метрология мәселелері бойынша стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарды әзірлеуге және келісуге қатысу;
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жоспарларының орындалуы туралы есептер жасау;
Өлшем түрлері бойынша жергілікті тексеру схемаларын жасау, өлшем құралдарын тексеру кезеңділігін белгілеу, оларды жүргізудің күнтізбелік кестелерін әзірлеу және олардың орындалуын бақылау;
Зертханалар мамандарымен бірлесіп жаңа өлшем құралдарын енгізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Сынақ жабдықтары мен өлшем құралдарына метрологиялық бақылау жүргізуді, сынақ жабдықтары мен өлшем құралдарын метрологиялық бақылау жүргізілетін жерге жеткізуді ұйымдастыру;
Метрологиялық бақылауға жататын өлшем құралдарын қабылдауды, беруді және тіркеуді жүзеге асыру;
Өлшем құралдарын тексеруге/калибрлеуге және сынақ жабдықтарын аттестаттауға арналған техникалық ерекшеліктерді әзірлеу;
Зертханалық жабдықтардың есебін жүргізу, бекітілген жабдықтаудың ең төменгі табеліне сәйкес Филиал бөлімшелерінің жабдықтармен жарақтандырылуын талдау;
Метрология мәселелері бойынша семинарлар өткізуге және мамандарды оқыту процесіне қатысу;
Өлшем құралдары мен зертханалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының орындалуын бақылау;
Бөлім бастығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар (бұдан әрі – конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:
қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген, толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттар пошта арқылы алынған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы қосымша ретінде өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарын, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдарын) ұсына алады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
біліктілікті бағалау;
сұхбаттасу өткізу;
конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі РГП ШЖҚ «Ұлттық сараптама орталығы» ҚР ДСМ СЭБК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі. Аталған қағидалар РГП ШЖҚ «Ұлттық сараптама орталығы» ҚР ДСМ СЭБК Басқармасының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 сырттай отырысының шешімімен бекітілген (РГП ШЖҚ «Ұлттық сараптама орталығы» ҚР ДСМ СЭБК сайтында орналастырылған).
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8:00-ден 17:30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Сеченов көшесі, 9.
Анықтама телефоны: 34-14-12.