Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Ұлытау облысы бойынша филиалының сынама қабылдау және алу бөлімінің бастығы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Ұлытау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Сынама қабылдау және алу бөлімінің бастығы бос лауазымына конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің міндеті денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Сынама қабылдау және алу бөлімінің бастығы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттау курсын аяқтағаны туралы куәлік, мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1. Бөлім қызметін жалпы басқаруды жүзеге асыру;

2. Бөлім жұмысын ұйымдастыру, мамандарға тапсырмалар беру және олардың жұмыс сапасын бақылау;

3. Жұмыс жоспарлары мен есептерді дайындау;

4. Үлгілерді қабылдау және жинау процесін, сондай-ақ сынақ/талдау нәтижелерін өңдеу мен беруді қадағалау;

5. Үлгілерді жинау мақсатында мамандардың нысандарға баруын ұйымдастыру;

6. Үлгілерді (су, азық-түлік өнімдері, өнеркәсіптік тауарлар, шикізат және жартылай фабрикаттар) жинау мен қабылдауды, сондай-ақ оларды тасымалдау мен сақтауды бақылау;

7. Ілеспе құжаттардың (сынама алу туралы есептер, журнал жазбалары, сәйкестендіру нөмірлері және сынамаларды зертханаға тарату) дұрыс ресімделуін тексеру;

8. Тағылымдамадан өтушілерді жұмыс орнында оқытуды қамтамасыз ету және оқытудың тиімділігін бағалау;

9. Сынамаларды қабылдау және сынама алу бөлімшесінің қызметін үйлестіру;

10. Нормативтік құжаттарға сәйкес қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуіне жауапкершілік арқалау;

11. Өзіне сеніп тапсырылған құжаттар мен құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;

12. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттың жарияланып кетуіне жауапкершілік арқалау;

13. Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңнамасында белгіленген шектерде өз міндеттерін орындау барысында жасалған құқық бұзушылықтар үшін жауапты болады;

11. Лауазымдық міндеттері аясына кіретін мәселелер бойынша филиал директоры жүктеген тапсырмаларды орындайды;

12. Зертхана ішінде өзара алмастыру қағидаты негізінде жұмыс істейді.

13. Мыналарды білуге ​​тиіс:

- Микробиологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеу және өлшеу әдістерінің негіздерін;

- Биологиялық материалдарды қабылдау және сынама алу қағидаларын;

- Бөлімше қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды;

- Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидалары мен стандарттары, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын;

- Қазақстан Республикасының Конституциясын;

- Филиал туралы ережені;

- Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін;

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;

- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын;

- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және оның әрі Департаменттің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және құқықтық актілерін;

- Департамент қызметіне қатысты әдістемелік және өзге де нұсқаулық материалдарды;

- Филиалдың ішкі жұмыс тәртібін реттейтін құжаттаманы;

- Департамент қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылауды:

- Жұмыс уақытын есепке алу табельдерін және Өндірісті деңгейлестіру және жоспарлау бөлімі (ӨДЖБ) мамандарының демалыс және мереке күндерінде атқарған жұмыстарын тіркеу журналын жүргізу;

- Ішкі еңбек тәртібі қағидаларының бұзылуы туралы хабарлау.


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері: сағат: 08:30 -дан – 13:00 -ге дейін 14:30-дан 18:00- ге дейін Ұлытау облысы. Жезқазған қаласы, В.Гурбы көшесі, - № 6 мекенжайы бойынша орналасқан.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылдың 06 қазан, сағат 18:00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 8 (7102) 41-02-41.