Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Байдалина Гүлнар Тоқтамысовна

Лауазымы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жетісу облысы бойынша филиалының директоры

Туған күні: 05.06.1970 ж.

Туған жері: Шығыс-Қазақстан облысы, Самар ауданы.

Отбасылық жағдайы, туыстық байланыстары:

  • Отбасылы
  • Балалары: үшеу

Тілдік дағдылары:

Қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • Алматы мемлекеттік медицина институты. «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығын тәмамдаған;
  • Біліктілік санаты: Денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары санат (Қоғамдық денсаулық сақтау саласында)-Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми - практикалық орталығы.

Еңбек өтілі:

  • 1995-1998 жж. - Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Қосынов атындағы толық емес орта мектебінің биология және химия пәнінің мұғалімі;
  • 1998-2006 жж.- Алматы облысы Қарасай ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің меңгерушісі;
  • 2006-2009 жж. - Алматы қаласы бойынша Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының санэпидқызмет бөлімшесі басқармасының меңгерушісі;
  • 2009-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының Қарасай аудандық бөлімшесінің басшысы;
  • 2019-2022 жж.- «СанЭпидГарант» ЖШС бас директоры;
  • 2022-2023 жж.- Алматы бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары;
  • 2023 жыл (наурыз-тамыз) - Алматы қаласының «Халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты» клиникасының бас дәрігері.

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

  • Денсаулық Сақтау Министрінің Құрмет Грамотасы (2009 ж.);
  • «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі (2015 ж.);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының Құрмет грамотасы (2018 ж.).