Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

БАЙМҰРЗИНОВ БЕРІК БАЗАРҰЛЫ

Туған күні: 1968 жылғы 27 мамыр

БІЛІМІ

  • Қарағанды мемлекеттік медицина институты, «Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» мамандығы (1993 ж.).

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, денсаулық сақтау магистрі (2016 ж.).

БІЛІКТІЛІГІ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАРЫ

  • Қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша жоғары біліктілік санаты (2019–2024 жж.).

  • Эпидемиология саласы бойынша бірінші біліктілік санаты (2014–2019 жж.).

  • Эпидемиология және аса қауіпті инфекциялар бактериологиясы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

  • 2025 ж. – 2026 жылғы қараша — ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры.

  • 2023 ж. – 2025 жылғы қаңтар — ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Дезинфекция орталығының директоры, Алматы қаласы.

  • 2020–2023 жж. — Балалар қалалық ауруханасының полимеразды тізбекті реакция (ПТР) зертханасының дәрігер-вирусологы, Алматы қаласы.

  • 2019–2020 жж. — санитариялық-эпидемиологиялық аудит саласының аудиторы, Алматы қаласы.

  • 2019 ж. — Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы филиалы директорының орынбасары.

  • 2016–2019 жж. — М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының вакцина зертханасының меңгерушісі.

  • 2013–2016 жж. — М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының диагностикалық препараттарды әзірлеу жөніндегі кіші ғылыми қызметкері.

  • 1993–2013 жж. — санитариялық-эпидемиологиялық қызмет және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесінде бас маман, бөлім меңгерушісі және директор лауазымдарында қызмет атқарған.

ТІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУІ

  • Қазақ тілі — жақсы.

  • Орыс тілі — өте жақсы.

  • Ағылшын тілі — меңгермеген.

ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН МАРАПАТТАРЫ

  • Инфекциялық ауруларды диагностикалау саласындағы өнертабыстар мен пайдалы модельдердің авторы.

  • Халықаралық ғылыми конференциялардың қатысушысы.

  • 2018 жылы Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР

  • Әскери міндетті.

  • Отбасылы, екі баласы бар.